14 сәуір 2020 14:24

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде 36 тұрғын жүргізу куәлігінен айырылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Карантин уақытында Нұр-Сұлтанда айып тұрағына 588 автокөлік қойылған, 36 тұрғын мас күйде рөлде отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Бұл туралы елордалық Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Карантин кезінде жол-көлік оқиғаларының саны 76 пайызға, одан зардап шеккендердің саны 72,4 пайызға төмендеді. Өкінішке қарай, төрт адам қайтыс болды. Жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі 67 пайызға азайды. Бірақ, өкінішке қарай, карантин режимін бұзып, түсінбеушілік танытатын тұрғындар бар. 588 автокөлік әкімдіктің қалалық тұрағына қойылды, 36 мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

67 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Жол ережесін бұзғаны үшін 135 адам әкімшілік қамауға алынды", - деді Сәденов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, ескертуге қарамастан, блокпосттардан айналып, карантин аймақтарынан өту әрекеттері жалғасып жатыр. Бүгінде 174 адам ұсталып, 124-і қамауға алынған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети