15 маусым 2020 12:20

Нұр-Сұлтанда кәсіпкерлер 118 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлер бюджеттен 118 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлер бюджеттен 118 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет Нұр-Сұлтанда "QazIndustry" Қазақстан индустрия және экспорт орталығы" АҚ бюджет қаржысын ұрлады деген факті бойынша екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық істі тергеді.

"Сотталғандар кәсіпорындарды әдейі басқа тұлғалардың атына тіркеп пайдаланған. Қызметін өздері басқарған. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсетеміз деп жалған шығын сомасын көрсету арқылы 118  миллион теңге алған.

Мемлекеттің бұл қаржылай көмегі ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бағасын төмендету мақсатында бөлінген болатын", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты ҚК "Алаяқтық" 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес екі кәсіпкерді кінәлі деп таныды және олар алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот енді олар бюджет қаржысын алуға қатысы бар қызметте кемінде 5 жыл жұмыс істей алмайды деген шешім шығарды.

Сондай-ақ, сот "QazIndustry" Қазақстан индустрия және экспорт орталығы" АҚ пайдасына 118 миллион теңгені және әр сотталған 1 770 000 теңгені мемлекет кірісіне баж салығын өтеу туралы қаулы шығарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети