03 желтоқсан 2021 14:13

Нұр-Сұлтанда көлік ұрлаған ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшыларының көлік ұрлаған ер адамды ұстаған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда тәртіп сақшыларының көлік ұрлаған ер адамды ұстаған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

102 арнасына Күлтегін көшесіндегі бір үйдің ауласынан ВАЗ-21015 көлігі ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жүргізуші көлігін ғимарат алдына қалдырып, бірнеше минутқа кетіп қалған.

Ұрыны ұстау үшін полиция қызметкерлері арнайы жоспар құрды. Көп ұзамай Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларында Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылы қиылысында ұрланған көлік байқалған.

"Полиция аға инспекторы Арықпанов Ғалым Сейфуллин-Әуезов көшелері қиылысында ұрыны тоқтатуға тырысты. Алайда полицейдің талабына бағынбаған жүргізуші тоқтамады. Келесі бағдаршамда көліктің жолы жабылып, жүргізуші ұсталды", - деді полиция өкілі.

45 жастағы күдіктіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети