17 қазан 2020 15:50

Нұр-Сұлтанда күзетші мектеп оқушысымен бірге автоорталықты тонамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда 22 жастағы күзетші өзінің оқушы құрбысымен бірге автоорталықтың сейфін тонамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 22 жастағы күзетші өзінің оқушы құрбысымен бірге автоорталықтың сейфін тонамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жігіт автоорталықтардың бірінің кеңсесінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істеген. Компанияның сейфінде үлкен сома бар екенін білген ол ұрлық жасамақ болған. Жоспарын орындау үшін жігіт өзінің 15 жастағы құрбысын, 11 сынып оқушысын тартқан.

"Күдіктінің ауысымы түскен күні, ол түнде құрбысын жұмысқа шақырған. Таңғы сағат 05.00-де олар балтамен кассаның пластикалық есігін бұзып, бөлмеге кірген. Сол балта арқылы олар металл сейфті де бұзуға тырысқан, бірақ бұл уақытта дабыл соғылды. Кейін олар оқиға болған жерден қашып кетті", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екеуі Қоянды ауылы ауданында ұсталды. Жігіт жасаған ісін мойындады. Оның айтуынша, ұрланатын ақшаға олар қарым-қатынас орнату үшін шетелге кетуді жоспарлаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша "Ұрлыққа оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған қызды қылмыс жасауға тартқаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Оқушы заңды өкілдеріне берілді", - деп толықтырды ведомстводағылар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети