19 ақпан 2020 15:45

Нұр-Сұлтанда полицейлер мас күйде болған тоғыз адамды пойыздан түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kstnews сайтынан Фото kstnews сайтынан

Нұр-Сұлтан станциясындағы көлік полицейлері бұзақылық үшін "Алматы - Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызынан тоғыз адамды түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан станциясындағы көлік полицейлері бұзақылық үшін "Алматы - Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызынан тоғыз адамды түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 ақпанда "Алматы - Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызының 26 жастағы жолсерігі жолда тоғыз адамның ішімдік ішіп, дауыстап сөйлесіп, басқа жолаушыларға кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды деген айыппен Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция басқармасына арыз жазған. 

Тәртіпбұзушылар жолсеріктің ескертуін құлаққа аспай, оған былапыт сөздер айтқан. Артынша қорыққан әйел қызметтік купенің ішіне тығылып, пойыз басшысы мен полицейлерді шақырған. 

"Осы жолаушылар пойызында қызметтік міндетін атқарып жүрген көлік полициясының қызметкерлеріне де ер адамдар қарсы шыққан. Пойыз елордаға келген соң құқықбұзушылар пойыздан түсіріліп, Нұр-Сұлтан станциясындағы Желілік полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіпбұзушыларға тиісті хаттама толтырылды.

Сот-медициналық сараптама ұсталғандардың мас күйде болғанын көрсетті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің "билік өкiлiне қарсылық көрсетумен байланысты бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети