29 маусым 2021 17:41

Нұр-Сұлтанда тағы бір ер адам лифт панелін сындырғаны үшін жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 25 жастағы қала тұрғыны сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған. Ер адам ұсталды.

"Ер адамның бұзақылық әрекеті кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді полиция департаментінің өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от БЛОГ Дениса Денски (@denski_blog)

Сот шешімімен тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынған.

Бұған дейін елордада осыған ұқсас оқиға болғаны хабарланған еді. 19 маусымда полиция тұрғын үй кешенінің лифтінде мониторды бұзған ер адамды ұстады. Сот шешімімен оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.

Кейін бұл жағдайға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді.

"Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети