08 шілде 2022 14:55

Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары мәліметінше, Қарағанды - Нұр-Сұлтан тасжолында 36 жастағы жүргізуші тізгіндеген Toyota Еstima көлігі ұсталып, одан салмағы 16 келіден асатын гашиш табылған.

"Салонда қылмыстық топтың 23 жастағы ұйымдастырушысы мен 20 жастағы сыбайласы болды. Күдіктілер шөпті Шудан әкеліп, оны астанада сатпақ болған. Есірткінің қара нарықтағы құны - 16 миллион теңге. Сонымен қатар, арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 27 жастағы Toyota Camry жүргізушісін тоқтатып, одан тінту барысында гашиш тәркіленді", - делінген хабарламада.

Операция нәтижесінде тәртіп сақшылары 16 келіден аса есірткіні тәркілеген.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігі "Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети