Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғындары мен көрші ауылдың тұрғындары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz куәгерлерге сілтеме жасай отырып.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылының тұрғындары мен көрші ауылдың тұрғындары арасында атыс болды, - деп хабарлайды Otyrar.kz куәгерлерге сілтеме жасай отырып.
Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл мәліметті растады. Төтенше жағдай салдарынан екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Атыс шығарғандардың жасы шамамен 25-30-да.
Расталмаған мәліметтерге қарағанда, күдіктілер қамауға алынды. Үш адам тергеуге алынды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полиция қызметкерлері төтенше жағдай болған жерде күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.