25 шілде 2016 13:48

ОҚО-да бетперде кигендер адамдарға оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© merussia.ru © merussia.ru

ОҚО-да тәртіп сақшылары қару қолданып, бұзақылық жасаған 36 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


ОҚО-да тәртіп сақшылары қару қолданып, бұзақылық жасаған 36 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

2016 жылдың 19 шілдесінде Сарыағаш аудандық ІІБ-не аудандық ауруханасына 1985 жылы туған ер жігіт пен 1986 жылы туған қыз бала атыс қаруынан алған жарақатпен түскені жайлы хабарлаған.

Полицейлердің мәліметінше, Жібек Жолы ауылындағы көшелердің бірінде белгісіз біреулер мемлекеттік тіркеу номері жоқ Audi автокөлігімен 31 жастағы азаматтың соңынан қуып келіп, оқ атқан. Нәтижесінде атыс қаруынан жәбірленуші және үйінің терезесінің алдында кездейсоқ тұрған 30 жастағы азаматша қол тұсынан дене жарақаттарын алған. Осыдан кейін белгісіз біреулер оқиға орнынан із суытқан.

Бұл дерек Сарыағаш АІІБ-ның Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") тіркелді. Сарыағаш АІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде Жамбыл облысының 1980 жылғы тұрғыны, осыған дейін сотты болған азамат ұсталды. Күдікті қамауда. Айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. Бұл қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети