06 желтоқсан 2016 00:52

ОҚО-да бұрын бірге оқыған ер адамдар бір әйелді өлтіріп, кейін өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында бір әйелді өлтіріп, кейін оны өртеп жіберген ер адамдарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Оңтүстік Қазақстан облысында бір әйелді өлтіріп, кейін оны өртеп жіберген ер адамдарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Тергеу мәліметінше, қазіргі уақытта Қызылордада тұрып жатқан 52 жастағы Нияз Мырзабаев наурыз айында Кентауға бұрын өзімен бірге оқыған курстасы Тұрсын Нұрмұхамедовқа қонаққа келген. Содан ол досының келгенін атап өту үшін пәтер жалдап, онда Әбішева есімді әйелді де шақырған.

Белгісіз себептерге байланысты ер адамдар әйелді өлтіріп, ал кейіннен оның денесін Кентаудағы қоқыс тастайтын жердің артында өртеп жіберген. Әйелдің туыстары оның жоғалып кеткені жайлы хабарлама берген болатын. Алайда оның денесі екі аптадан соң ғана табылған. Кейінірек күдіктілер де ұсталды.

Сотталушылар қылмысты жасағандарын мойындамады. Алайда бұл судьяның қатаң үкім шығаруына кедергі келтірмеді. "Нияз Мырзабаев пен Тұрсын Нұрмұхамедов ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 7-тармағы бойынша 16 жылға дейін бас бостандығынан айырылсын. Жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтесін", - деп үкім шығарды судья Самиддин Темірәлиев. Айта кетейік, сотталушылар үкімге шағым түсіре алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети