18 тамыз 2017 09:46

ОҚО-да мұғалім пышақталған: Әйелдің 23 жастағы көршісі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 163gorod.ru © 163gorod.ru

Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы оқу ісінің меңгерушісін өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылындағы оқу ісінің меңгерушісін өлтірді деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті әйелмен көрші тұрған. Қайғылы оқиға 15 тамызда түнгі сағат 1-де болған.

"Ол оған жеті рет пышақ салған. Түнгі уақытта, шамамен сағат 1-лерде. Әйел әжетханаға шыққанда көршісін көріп қалған. Әрі қарай не болғанын білмейміз. Оны ұрып-соғып, қашып кеткен. Әпкем көмекке шақырып үлгерді. Үйде келін мен әжеміз болды. Әпкем көз жұмбай тұрып оны өлтірген адамның атын айтты. Кіші қызы көршілерге көмек сұрауға барды. Бірақ жедел жәрдем шақырғанша әпкем қайтыс болды. Полицейлер көрші үйге барды. Сол үйдің қабырғасы қан болып тұрғанын көрді. Күдікті терезе арқылы қашып кеткен. Жігітті келесі күні түнде вокзалдан тапты", - дейді қайтыс болған әйелдің туысы Руслан Елікбаев.

Оның айтуынша, 46 жастағы әйелдің артында екі ұлы мен асыранды қызы қалды. "Оның өмірі қиын болды. Балаларды өзі асырады, күйеуі қайтыс болған. Мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Психолог болып та жұмыс істеген болатын", - дейді Елікбаев.

ОҚО ІІД Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында 23 жастағы күдіктінің ұсталғанын айтты.

"2017 жылдың 15 тамызында сағат 01.30-да Қазығұрт ауданының ІІБ кезекші бөліміне ауылдардың бірінде қылмыс жасалғаны жайлы хабарлама келді. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобының қызметкерлері үйден пышақ жарақатын алған әйелді тапты. Ол сол ауылдың 1971 жылғы жергілікті тұрғыны болып шықты", - деп хабарлады ОҚО ІІД өкілдері.

Полицейлер бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша ("Адам өлтiру") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркеді.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 1994 жылғы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети