13 ақпан 2017 13:03

ОҚО-да үш қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметінен © ОҚО ІІД баспасөз қызметінен

Шымкентте полицейлер жедел шаралар өткізу барысында үш тәулік ішінде қарақшылықпен айналысқан үш қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте полицейлер жедел шаралар өткізу барысында үш тәулік ішінде қарақшылықпен айналысқан үш қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 6 ақпанында полиция бөлімшесіне екі қыз келіп, үйлеріне белгісіз адамдар басып кіргенін айтқан. Олар қыздарды қорқыта отырып, ақшаы мен ұялы телефондарын күшпен тартып алған. "Жедел-іздестіру шаралары барысында әл-Фараби ауданының полицейлері 1997 және 1998 жылы туған жергілікті тұрғындарды ұстады. Тергеу күдіктілердің тағы да үш қылмысқа қатысы барын анықтаған. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа дәлел болатын заттар тәркіленіп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді ІІД өкілдері.

Сонымен бірге, жүргізушіні тонаған үш күдікті ұсталды. 7 ақпанда Шымкент қаласының тұрғыны полицияға келіп, көлік тұрағында оны үш адам соққыға жығып, iPhone маркалы телефоны мен ақшасын тартып алғаны бойынша арыз түсірген. "Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыағаш ауданының 1996 жылы туған үш тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке байланысты "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полицейлер. 

Ал үшінші күні 5 ақпанда жасалған қылмыстың беті ашылды. Ұсталған үш адам Рысқұлов көшесінде екі жігітті соққыға жығып, тонады деген күдікке ілініп отыр. Қылмысқа дәлел ретінде ұялы телефондар тәркіленді. Осыған байланысты полицейлер қараңғы түскен уақытта абай болуға шақырды. "Адам көп жерде заттарыңызға мұқият болып, тонау болған жағдайда бірден көмек шақыру керек. Егер мұндай қылмыстан зардап шексеңіз немесе куәгер болсаңыз бірден 102 нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп ескертеді ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети