10 шілде 2017 16:39

ОҚО полицейлері бірнеше күннің ішінде 78 жезөкшені ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Притон" рейд шарасы барысында 21 жеңгетайлық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Притон" рейд шарасы барысында 21 жеңгетайлық дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

2017 жылдың 5-7 шілде аралығында өткен рейд шаралары барысында қаладағы сауналардың бірінің әкімшісі ұсталды. Ол интим қызмет көрсететін екі қыздан 5 мың теңге ақы алған. 

 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша іс қозғалды. 

 

Сонымен қатар, полицейлер 78 әйелді жеңіл жүрісті әрекеті үшін ішкі істер органдарының тіркеуіне қойды. 

 

Полицейлер жыл басынан бері жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлыққа қатысты 59 дерегін тіркеген.


Суреттер ОҚО ІІД басапасөз қызметінен

"Егер сіз адам саудасына қатысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз немесе қандай да бір мәліметті білсеңіз, сіз ОҚО ІІД сенім телефонына хабарласа аласыз: 98-00-56", - деді ОҚО ІІД қызметкерлері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети