09 қыркүйек 2014 18:23

Оқушыны өзін-өзі өлтіруге итермелеген мұғалім сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm.me ©nnm.me

Оңтүстік Қазақстанда оқушысын өзін-өзі өлтіруге итермелеген мұғалім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды.


Оңтүстік Қазақстанда оқушысын өзін-өзі өлтіруге итермелеген мұғалім сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, педагог 14 жастағы оқушысын өз-өзіне қол жұмсайтын халге жеткізген. "Мұғалім ауыл тұрғындарының және қыздың анасының көзінше оны шыбықпен сабаған, оның үстіне қызды балағаттаған. Содан кейін шапалақпен жағынан тартып жіберіп, бетіне түкірген", - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Мұндай кемсітуге төзбеген қыз үш күннен соң өз үйінің жуыну бөлмесінде асылып қалды. Оқушы өлер алдында жазба қалдырып, онда ары қарай өмір сүре алмайтынын айтқан. "Қыз өзінің хатында мұғалімнің жәбірлейтін сөздер айтқанын, қызды бейшара дегенін, оны директордың алдына апарып масқараламақ болғанын жазған. Ол қызымызды ешқашан күйеуге шыға алмайтындай ететінін айтты. Хатта қыз "мұғалім мені өзін-өзі өлтіруге итермеледі" деп ашық жазған", - дейді марқұмның әжесі.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2013 жылдың тамызында болды. Марқұмның туыстары қызды жуыну бөлмесінен кір жібіне асылған күйінде тауып алды. Ауыл тұрғындары мұғалімнің шұғыл түрде жұмыстан кетуін талап етті, полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети