НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Өлтіріп, денесін жарты ай үйінде сақтаған. Қарағанды облысындағы сұмдық оқиға

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© azh.kz © azh.kz

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылының тұрғыны пәтерде бірге тұрған танысын өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған. Бұл туралы ер адамның көршілері адам денесінің иісін байқаған соң тек 16 күннен кейін белгілі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылының тұрғыны пәтерде бірге тұрған танысын өлтіріп, денесін мүшелеп тастаған. Бұл туралы ер адамның көршілері адам денесінің иісін байқаған соң тек 16 күннен кейін белгілі болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жантүршігерлік қылмыс 2017 жылдың қазанында жасалған. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, қылмыс жасалғанға дейін бір ай бұрын Қырғызстанның 49 жастағы тумасы танысына оның пәтерінде бірге тұруды ұсынған. Ал танысы болса келісімін беріп, тіпті ақша төлемей-ақ тұра беруіне болатынын айтқан.

14 қазанда екеуі жанжалдасып қалған. Нәтижесінде пәтердің иесі танысына былапыт сөздер айта бастаған. Ал екіншісі болса айтылған сөздерге шыдамай, оған бірнеше рет пышақ салған.

"Күдікті оған үш рет пышақ салған, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмады. Қылмысын жасаған күдікті осы жағдайдан кейін де ішімдік ішіп, пәтерде тұра берген. Шамамен 1-2 күннен соң ол қылмысын жасыру мақсатында денені бөлшектеп, паласқа орап тастаған", - делінген айыптау актісінде.

Ал қылмыс жайлы тек 16 күннен кейін белгілі болған. Мұны бірінші болып көршілері байқаған. Олар ер адамның көрінбей кеткенін айтып, полицияға хабар берген.

"Көршілер бастапқыда ер адамның пәтерінің есігін ұрған, алайда оларға ұзақ уақыт бойы есікті ешкім ашпаған. Бірақ есік ашылған соң көршілері жаман иісті сезген. Есікті ашқан күдікті ер адамдың үйде жоқ екенін, әпкесі Теміртауға алып кеткенін айтқан. Алайда көршілері оның айтқанына сенбей, полицияға хабар берген. 30 қазанда пәтерге учаскелік полицейлер келіп, ер адамның денесін табады. Ал күдікті болса сол сәтте әрең дегенде орнынан тұрған, қатты мас болған", - делінген қылмыстық іс материалында.

Қылмыстық іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы айыпты деп танылып, 13 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот оған ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделуді міндеттеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer