Оңтүстік Қазақстан тұрғыны жаңа туылған ұлын 200 мың теңгеге сатып жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан тұрғыны жаңа туылған ұлын 200 мың теңгеге сатып жіберді © Ярослав Радловский

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны жаңа туылған баланы 200 мың теңгеге сатып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Абай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап. Нәрестені Жаңаөзен тұрғыны сатып алған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғыны жаңа туылған баланы 200 мың теңгеге сатып жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкенттің Абай аудандық прокуратурасына сілтеме жасап. Нәрестені Жаңаөзен тұрғыны сатып алған.

1986 жылғы әйел нәрестені 6 наурызда дүниеге әкеліп, 22 наурызда Маңғыстау облысы тұрғынына сатып жіберді. "Әйел баланы беретіні туралы қолхатын нотариуспен куәландырып алған. Осы қызметі үшін Жаңаөзен тұрғыны оған 200 мың теңге мен алтын сырға берген. Әйел нәрестені асырай алмағандықтан сатқанын айтты", - деді Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов.

Айта кетейік, әйелдің тағы төрт баласы бар. Ең үлкен қызы 2003 жылы, кішісі 2008 жылы туылған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол 5-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір нәрестені Оңтүстік Қазақстан облысына қайтару мәселелері қарастырылып жатыр. Әйелге қандай шара қолданылатыны әзірше белгісіз, дегенмен, прокуратурадағылардың айтуынша, балалары болса да ол жазадан қашып құтыла алмайды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда жаңа туылған сәбиді сатпақ болған Өзбекстан азаматшасы ұсталған болатын. Ол өз баласын 5 мың долларға бағалады. "Қылмыскер сатып алушымен дәл осы қиылыста кездеспек болды. Ол өз баласын беріп, 930 мың теңгені алып жатқан кезде құрықталды. Ақша процессуалдық тәртіппен тәркіленіп, "Кәмелетке толмағандарды саудаға салу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды", - деді полицейлер.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети