Оңтүстік Қазақстан облысында той үстінде атыс ұйымдастырған жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында той үстінде атыс ұйымдастырған жігіт ұсталды © REUTERS

Оңтүстік Қазақстан облысында той үстінде атыс ұйымдастырған жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сайрам аудандық ІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында той үстінде атыс ұйымдастырған жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сайрам аудандық ІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап.

Атысты ұйымдастырған 1996 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. "Полицейлер тойда атыс ұйымдастырған жігітті 3-4 сағаттың ішінде ұстады. Ол жергілікті тұрғын, күйеу жігіттің досы болып шықты. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен, дегенмен Манкенттен табылды. Күдікті өз кінәсін мойындады", - деді Мейірхан. Сайрам полицейлері жігіт оқ атқан қаруды тәркіледі. Күдікті оны оқиға орынан 7 шақырым қашықтықтағы құбырға жасырған.

Еске сала кетейік, үйлену тойындағы атыс бүгін, 4 қыркүйекте Манкент ауылында болды. Үйлену тойының қонақтарының бірі қалыңдықты оқ ату арқылы қарсы алмақшы болған. "Алдан ала мәлімет бойынша, жігіт қаруды көліктен алып шыққанда ол кенеттен атылып кетіпті. Оқ жүргізушінің бетін сырып өтіп, көлікке қарама қарсы тұрғандарға тиген. Оқиға орнында екі әйел қаза тапты, олардың бірі 1992, екіншісі 1989 жылғы. Тағы үшеуі жарақат алды", - деді подполковник Данияр Мейірхан..

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети