04 қыркүйек 2015 17:45

Оңтүстік Қазақстан облысында үйлену тойында екі әйелге оқ тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bashunter.ru © bashunter.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында болған үйлену тойында екі әйел көз жұмып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Сайрам аудандық ІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап хабарлайды.


Оңтүстік Қазақстан облысында болған үйлену тойында екі әйел көз жұмып, үш адам жарақат алды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Сайрам аудандық ІІБ басшысы Данияр Мейірханға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның бүгін, 4 қыркүйекте түскі уақытта Манкент ауылында болғаны анықталды. Үйлену тойының қонақтарының бірі қалыңдықты оқ ату арқылы қарсы алмақшы болған. "Алдан ала мәлімет бойынша, жігіт қаруды көліктен алып шыққанда ол кенеттен атылып кетіпті. Оқ жүргізушінің бетін сырып өтіп, көлікке қарама қарсы тұрғандарға тиген. Оқиға орнында екі әйел қаза тапты, олардың бірі 1992, екіншісі 1989 жылғы. Тағы үшеуі жарақат алды", - деді подполковник Данияр Мейірхан.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқ атқан адамның кім екені анықталды, қазіргі таңда оны іздестіру жұмыстары қолға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети