Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Оңтүстік Қазақстанда 44 жастағы ер адам оқушы қызды алып қашты

05 Қазан 2015, 15:53
0
© tltonline.ru
© tltonline.ru

Түркістанда 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Тimeskz.

Басылымның мәліметінше, маусым айының басында 44 жастағы ер адам екі досымен бірге өзі ұнатқан 11 сыныптың оқушысын аңдыған. Қыз мектептен шыққан кезде олар оны күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Ер адамдар қызды қаланың сыртына апарып байлап, қорқытқан: ол тұрмысқа шығуға келіседі немесе оны "көміп тастайды".

Тергеудің мәліметінше, олар осыдан кейін Шымкентке қонақүйлердің біріне, ол жақтан ер адамның үйіне барған. Оның отбасындағылар іс тындырылды, енді ол ешқайда кете алмайды деп ойлағанда, оқушы қыз ата-анасына қоңырау шалып, ұрланғанын айтқан. 

Қыздың әкесі полицияға арызданды, сөйтіп ер адам қолға түсті. Айта кетейік, құқық қорғау органдарының мамандары ер адамның достарын әлі ұстаған жоқ, себебі олар қашып жүр.

Қазіргі таңда 44 жастағы ер адамға қатысты бірнеше баппен қылмыстық іс қозғалды. Оған "Адам ұрлау", "Тонау" және "Кәмелетке толмағанды зорлау" баптары бойынша айып тағылды. Басылымның мәліметінше, қызды ұрлаған ер адам ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін.

Айта кетейік, жыл басынан бері ОҚО-да адам ұрлығының жеті дерегі тіркелген. Бұған дейін Оңтүстікте оқушы қызды некеге тұру үшін алып қашып зорлағандар туралы хабарланған болатын. Ол кезде жоғалып кеткен қызды прокурорлар тапты. Олар ұтқыр топтар құрып, 15 жастағы қыз баланың Мақтаарал ауданында екенін анықтады. Белгісіз бір ер адам оқушы қызды зорлаған. Қызды бұл ауданға оның анасының өзі шақырған болып шықты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай