Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Оңтүстікте оқушы қызды некеге тұру үшін алып қашып зорлаған

06 Қараша 2014, 16:09
0
©krasaru.ru
©krasaru.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен қыз бала анасының үйінен табылды, - деп хабарлайды Otyrar. Қыз бала Шымкенттегі орта мектептердің бірінің 9-сыныбында оқыған. 

Іс материалдарына қарағанда, оқушы қыз 2014 жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен. Мектеп басшылығы оқушының жоғалып кеткенін ешқайда хабарламаған. Қызды төрт күн бойы өз беттерімен іздестірген педагогтар әрекеттерінен ештеңе шықпағаннан кейін ғана полицияға хабар береді. "Біз оның сабаққа неге келмегенін білмедік. 17 қыркүйек күні оның үйіне бардық. Таппадық. Бізге оны Жетісайға алып кетті деді. Содан кейін оның қайда екені туралы ештеңе білмедік", - деді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Сүлейменова.

Жоғалып кеткен қызды прокурорлар тапты. Олар ұтқыр топтар құрып, 15 жастағы қыз баланың Мақтаарал ауданында екенін анықтады. Белгісіз бір ер адам оқушы қызды зорлаған. Қызды бұл ауданға оның анасының өзі шақырған болып шықты. "Қыздың ата-анасы ажырасқан. Анасы "саған ұялы телефон сатып алдым" деп, қызын бұл ауданға алдап шақырған. 24 қазан күні оны азаматтық некеге тұру үшін Мақтаарал тұрғыны алып қашады да, зорлайды. Анасы мұны білген", - дейді Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімов. 

Құқық қорғау органдары бірден екі қылмыстық іс қозғады: адам ұрлау және кәмелетке толмаған адамды зорлау деректері бойынша. Жоғалып кеткен қыз қазір әкесінің бақылауында. Отбасы қандай да бір түсінік беруден бас тартып отыр.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай