19 қараша 2015 17:04

Оңтүстік Қазақстанда футбол үшін бір адам қатыгездікпен өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Ауылдық футбол командасының бапкері 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевқа сілтеме жасап.


Ауылдық футбол командасының бапкері 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мамандандырылған қылмыстық соттың судьясы Әбинұр Қарабаевқа сілтеме жасап.

Сот 24 жастағы Ғани Қадыровты бірнеше бап бойынша айыпты ден таныды. Іс материалдары бойынша, оқиға Наурыз мейрамын тойлау кезінде, футболшыға таласқанның кесірінен болған. Қадыров пен зардап шегуші Үсенов бастапқыда сөзге келіп қалады. Ер адамдар жолдастық кездесуде мықты футболшылардың бірінің қай командада ойнайтынын анықтай алмай, дауласқан. Жанжалдан кейін төбелес басталып, кешке қарай Қадыров екі туысын алып, спорт залына қаруланып барады.

"Олар бірінші Үсеновті көреді. Олар оны сыртқа шығарып алып, Қадыров травматикалық тапаншадан оқ жаудыра бастаған. Айыпталушының туыстарының бірі қарудан Үсеновке оқ атып, ол жерге құлаған. Зардап шеккен азамат тағы екі рет аяғынан жарақат алған. Оқтың атылғанын естіген зардап шегушінің досы жүгіріп шығыпты, бұзақылар оған да оқ ата бастаған. Жігіт спор залдың ішіне тығылуға тырысқанымен, қаруланған ер адамдар соңына еріп, оқ жаудыруды жалғастырған", - деді Әбинұр Қарабаев.

Айыпталушы мен оның туыстары ол жерге жиналған спортшыларға келіп, оқты аспанға ата бастаған, алайда кәмелет жасқа толмаған бір бала жараланды. Осыдан кейін шошып қалған спортшылар залдан шығып, қаша бастаған. Осы кезде қаруланған ер адамдар бәсекелес команданың тағы бір мүшесін байқап қалады. "Рақымбердиев шуды естіп, залға жүгіріп кірген және оны Қадыров ұстап алыпты. Айыпталушы оның шекесіне тапаншаны кезеп, атып жіберген. Бассүйек-ми жарақатын алған Рақымбердиев құлап түскен, бірақ ол тірі қалды", - деді Әбинұр Қарабаев.

Алайда айыпталушы мен оның туыстары қашуға асықпаған. Олар қансырап жатқан Үсеновті тауып алып, мойнына тағы бір рет оқ атқан. Сөйтіп, Ғани Қадыров 20 жылға сотталды. Сонымен қатар, ол зардап шеккен Рақымбердиевтің отбасына 500 мың теңге, ал қаза тапқан Үсеновтің отбасына 1 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Тараптардың бұл шешімге қарсы шығатын 15 күн мерзімі бар, алайда қаза болған азамат пен зардап шеккен ер адамның отбасы бұл жазаға көңілдерінің толатынын жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети