Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында 21 жастағы қыз полицейге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында 21 жастағы қыз полицейге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шардара ауданында 3 маусымда шамамен сағат 18.30-да демалыс аймағындағы жолда аудандық ішкі істер бөлімі полициясының жол-патруль қызметкерлерінің назарына Toyota Camry автомобилі түскені анықталды. Оның жүргізушісі көлік жарығын жақпаған. Тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатып, көлік құжаттарын сұрайды. Тексеріс кезінде 1994 жылғы қыздың ешқандай құжаты болмай шыққан. Бірқатар әкімшілік құқықбұзушылық бойынша полицейлер жүргізушіге қатысты хаттама толтыра бастайды.
Хаттама толтыру кезінде қыз билік өкілінің заңды талабын ескермей, күтпеген жерден тәртіп сақшыларына әйнектің сынығын ала жүгірген. Ол бейпіл сөз айтып, тәртіп сақшыларының бірінің қолын кескен.
Тәртіп сақшылары заң бұзушыны бірден ұстап, Шардара аудандық ішкі істер бөліміне жеткізіп, болған оқиға жайлы жауап алды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК 380-бабының 1-бөлімі - "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті кепілдік арқылы үйіне қайтарылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл баптың санкциясы екі мың АЕК көлемінде айыппұл салуды немесе сол көлемде түзету жұмыстары немесе екі жылға бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Соған қарағанда, Tengrinews.kz жариялаған видеороликте осы дерек бейнеленген.
Ескерту, видеода бейпіл сөз бар!