16 маусым 2015 08:44

Шымкентте жүргізуші әйел полицейлерге әйнектің сынығын ала жүгірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com/MOTOR.KZ © Youtube.com/MOTOR.KZ

Қазнет қолданушылары полицейлерге қарсы шыққан жүргізуші әйелдің тәртіпсіз қылықтары түсірілген тағы бір видеоны қызу талқылап жатыр. Шымкентте түсірілген видеоны Motor.kz сайтына Қанат Жанат есімді қолданушы жіберді.

Oo-osa.org сайтының хабарлауынша, полицейлер жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырып жатқан кезде жүргізуші қыз төбелесе кетті. Видеодан қыздың автомобилінен бөтелке алып, оны сындырып, қолында қалған әйнектің сынығымен операторға бас сала жөнелгенін көруге болады. Ол қазақ тілінде бірнеше боғауыз айтып, полицейлерді балағаттады.

Оқиғаның қалай аяқталғаны белгісіз. Дегенмен, құқық қорғау органы қызметкерлерін балағаттаған жүргізуші қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны анық.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети