21 мамыр 2023 09:09

Орал қаласының орталығында жас жігітті пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент мәліметінше, оқиға 19 мамырда сағат 04:22-де "Али" кафесі маңында болды.

"Белгісіз біреу 1995 жылғы жігітті пышақтап кеткен. Жарақаттар салдарынан марқұм ауруханада көз жұмды. БҚО полиция департаменті криминалдық полициясы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде 19 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық тиіс сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети