Полиция Оралда төрт жасар баласын пышақпен жарақаттаған Галина Бошенятоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
Полиция Оралда төрт жасар баласын пышақпен жарақаттаған Галина Бошенятоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.
Галина Бошенятова ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") күдікті деп танылды.
"2017 жылдың 12 ақпанында кешкі уақытта "102" пультіне Облыстық көппрофильді балалар ауруханасына пышақ жарақатымен түскен бала жайлы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері бірден ауруханаға барды. Содан сол күні шамамен сағат 20.30-да 1987 жылғы әйелдің өзінің төрт жасар баласының денсаулығына қасақана зиян келтіргісі келгені анықталды", - деді Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Облыстық балалар ауруханасының штаттан тыс бас дәрігері баланың орта деңгейдегі жарақат алғанын және жүрегіне зақым тимегенін айтқан еді. Басылымның мәліметінше, баланың анасы дәрігерлерге баланы өлтіргісі келгендіктен пышақтамақ болғанын айтқан.