20 сәуір 2021 16:17

Оралда әйелді өлтірген экс-шенеунік ісі: оқиғаның мән-жайы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті өкілдері жақында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам бұған дейін де құқық қорғау органдары назарына іліккенін айтты. Бұл ретте БАҚ-та ұсталған ер адам мен оның құрбанының аты-жөні мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті өкілдері жақында кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам бұған дейін де құқық қорғау органдары назарына іліккенін айтты. Бұл ретте БАҚ-та ұсталған ер адам мен оның құрбанының аты-жөні мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті - Орал қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері Бауыржан Хайруллин.

"19 сәуірде сағат 16:30-да куәгерлерден Орда көшесінде әйелді ұрып жатқаны туралы хабарлама түсті. Полиция оқиға болған жерге барып, 20 минуттан кейін күдіктіні ұстады. ЖШС-ға кіреберісте 30 жастағы ер адам 1991 жылы туған әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханада қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс қызғаныштан туған", - деді полиция өкілі.

Кейінірек баспасөз беттерінде жәбірленуші Айнагүл Хайруллина екені айтылды. Полиция өкілдері әйел бұған дейін де бұрынғы жұбайының үстінен шағым түсіргенін айтты.

"27 қаңтарда жәбірленуші полицияға бұрынғы күйеуі қорқытқанын айтып шағымданған. Учаскелік полиция қызметкері әйелді қорғау туралы бұйрық шығарды. Ол бір айдан кейін күшін жойды. Кейін әйел арызын қайтарып алған", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Айнагүл Хайруллина жеке кәсіпорында жұмыс істеген. Әріптестері оны жақсы қызметкер ретінде сипаттады. Оның бұрынғы күйеуі әйелді қорқытып-үркіткені белгілі болды.

"Айнагүлдің екі баласы болған. Ол өте мейірімді және көпшіл еді", - дейді әріптестері.

Қазір ұсталған ер адамға қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ер адам бұрынғы әйеліне 18 рет пышақ сұққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети