Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік ісі: жаңа деректер шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© astanatv.kz © astanatv.kz

Оралда әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған шенеунікке қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Оралда әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған шенеунікке қатысты жаңа деректер белгілі болды. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, қайғылы оқиға биыл сәуірде болды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ТҮКШ бөлімінің бұрынғы қызметкері көшеде әйелін пышақтап өлтірген. Оған 20 рет пышақ сұққан. Қаза тапқан әйел балаларымен үйден кетіп қалған. Ол туыстарына күйеуі үнемі ұрып-соғатынын айтқан екен.

Марқұмның анасы Кәкима Қажипанова қызын пышақтап өлтірген қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Өйткені тергеу амалдары төрт ай өтсе де, әлі аяқталмаған. Әрі "бұрынғы күйеу баланың қызыма көрсетпеген қорлығы жоқ, әйелін ұрып-соғуды әдетке айналдырған жігіттің оны өлтіруге дайындалғаны анық", дейді.

"Үйге келгеннен кейін қызым айтты: "Біз екеуміз екі түрлі адамбыз, анашым. Отырғызып қойып маған қол жұмсайды, түнімен ұйықтатпаған күндері болды. Аяқ жаққа отырғызып қойып, ұйықтап бара жатсам аяғымен түртіп оятады", - деді. Жұмыстан сәл кешігіп қалсам, автобуспен келеді ғой. Кейде дүкенге соғады. Сондайда есікті кілттеп қояды дейді. Сонда талай жаңбырда, желде, боранда сыртта жүрген шығар, соның бірін де айтқан жоқ қой. Келісетін шығармыз деп ойлаған сияқты", - дейді Кәкима Қажипанова.

Ал полиция департаментінің дерегінше, адам өлтірді деген күдікпен Орал қалалық әкімдігінің бұрынғы қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бірақ тергеу барысында кейбір мәселелерді нақтылау үшін арнайы сараптама тағайындалып, күдікті Алматы қаласына жіберілген.

"Сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жерде тергеудің қойған сұрақтарына жауап алу мүмкін болмады. Сондықтан стационарлық режимде психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізуге шешім қабылданды. Ол Алматы қаласында жүргізіледі. Ендігі сараптаманың нәтижесін күтеміз", - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиева.

Күдіктінің қорғаушысының айтуынша, ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, балаларының болашағын ақылдасқысы келген, оны өлтіру ойында болмаған.

"Пышағы қалтада жүретін сувенирлік пышақ. Міне, сот-дәрігерлік сараптамасы бойынша 4 рет кеудесінен пышақ салған. Ал басқа 13-інің бәрі, жеңіл жарақат! Қазір мен сізге Жоғары соттың қаулысын көрсетемін. Бүкіл жарақат 30 секундта салынған. Ал енді анадай қатыгездікпен жасау үшін оған енді уақыт керек", - деді күдіктінің қорғаушысы Ғинаят Салықова.

Сарапшылар қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтап жатыр. Яғни күдіктіге   қандай баппен айып тағылатыны нақтыланады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro