09 ақпан 2021 08:45

Оралда баланы қағып өлтірген жүргізуші қызға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қалалық соты жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан он жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісіне қатысты үкім шығарды. Жол апаты он жастағы Бақтияр Болат самбо күресі секциясына баратын оқушылар сарайына қарама-қарсы бетте болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта 2020 жылдың 17 қарашасында 22 жастағы Алтынханым Серікова Hyundai Tucson көлігімен баланы қағып кеткені анықталды. Әйел жаяу жүргіншілер өткелінің алдында тоқтамаған.

"Сот Алтынхан Серікованы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігінде ("көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Жазалау кезінде сотталушының өкінуі ескерілді. Баланың туыстары қызды кешірді және оған мүмкіндігінше жеңіл жаза тағайындауды сұрады", - деп мәлімдеді соттағылар.

Сот үкімімен жас әйел бас бостандығынан және бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жазасын колонияда өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети