Оралда бұрынғы әйелін өлтірген экс-шенеуніктің ісі қайта қаралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған Бауыржан Хайруллиннің ісін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы әйелін өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған Бауыржан Хайруллиннің ісін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші сатыдағы сот үкіміне жәбірленуші тарап шағым түсірген. Марқұм Айнагүл Хайруллинаның анасының айтуынша, қызының бұрынғы күйеуі қылмысты жоспарлы түрде жасаған.

"Ол қызымды өлтіремін деп бірнеше рет қорқытқан. Айнагүл полицияға жүгінді, бірақ Хайруллинге ешқандай шара қолданбаған. Екі баласы үнемі анасын сұрап отырады. Жазаны жеңілдететін жайт ретінде сот үкімінде екі кішкентай баласы бар екені көрсетілген. Бірақ ол олардың анасын өлтірген. Қылмыскерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраймын. Ол террористен де жаман", - деді Кәкима Қажыпанова сотта.

Сотталушының адвокаттары да үкіммен келіспейді. Олар кісі өлтіру аффект жағдайында жасалғанын айтып, бапты жазаны жеңілдететін бапқа саралауды сұрады.

"Мен қатты психикалық күйзелісте болдым. Мен қателескенімді білемін. Бұқаралық ақпарат құралдары мені қатыгез қылып көресетті. Бұрынғы әйелімді өлтіргенімді мойындаймын. Бірақ сол сәтте мен есімді білмедім", - деді Бауыржан Хайруллин. 

Тараптардың уәждерін қарап, апелляциялық алқа өз үкімін шығарды. Хайруллинге қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Экс-шенеунік 15 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемесінде өткізеді.

Еске салайық, 2021 жылы 19 сәуірде Бауыржан Хайруллин бұрынғы әйелі Айнагүл Хайруллинаға 20-дан аса пышақ жарақатын салған еді. Марқұмның артында екі баласы қалды. Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, қатаң жаза беруді сұрады.

Оралда әйелін өлтірген экс-шенеунік ісі: жаңа деректер шықты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro