06 қыркүйек 2017 13:39

Оралда ер адам қызғаныштан екі әйел мен сәбиді өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mgorod.kz © mgorod.kz

Оралда ер адам үш жасар бала мен екі әйелді қызғаныштан бауыздап тастады, - деп хабарлайды "Мой город". Күдікті 2017 жылы 5 қыркүйекте "Меловые горки" ауылының маңында ұсталды. Ол БҚО Сырым ауданының тұрғыны екені анықталған. 


Оралда ер адам үш жасар бала мен екі әйелді қызғаныштан бауыздап тастады, - деп хабарлайды "Мой город". Күдікті 2017 жылы 5 қыркүйекте "Меловые горки" ауылының маңында ұсталды. Ол БҚО Сырым ауданының тұрғыны екені анықталған. 

Орал ІІ басшысының орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, 1993 жылғы ер адам уақытша ұстау изоляторына жабылған және ол барлығын мойындады. 

"Ұсталған адамның сөзінше, ол осы қылмысқа баруына қызғаныш себеп болған. Ол өлген баланың анасымен бірге тұрғысы келген, алайда әйел адам қарсы болған. Бірінші ер адам әйелдің құрбысын өлтірген, сосын сәбиді, ал әйел адамды үйге кірген бетте бауыздаған. Қайтыс болған әйелдердің әр қайсысының денесінен кем дегенде 18 рет пышақ ұрылғаны анықталды. Қылмысын жасыру үшін ол үйді өртеп жіберген", - деді Бисенов. 

Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Екi немесе одан көп адамды өлтіру") бойынша іс қозғалды. Күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Екі әйел мен баланың мәйіті 5 қыркүйекте Зашаған ауылының Южная көшесінің бойындағы жеке үйден табылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети