23 шілде 2018 17:41

Оралда келінін өлтірген ер адам сотта өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

Оралда 27 жастағы Ақерке Қозыкешованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына өлтірілген келіншектің бұрынғы қайын атасы келді. Ер адам сотта кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда 27 жастағы Ақерке Қозыкешованың өліміне қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына өлтірілген келіншектің бұрынғы қайын атасы келді. Ер адам сотта кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2018 жылдың 8 сәуірінде болған еді. 

"Ақеркені мәйітханада көргенде танымай қалдық. Бетінен бет қалмаған - ұрып-соққан, басында да жарақаттар бар, денесі көгерген, кеудесіне пышақ салынған. Сот-медициналық сараптама Еркенің қабырғалары сынғанын көрсетті", - деген еді осыған дейін қайтыс болған қыздың туысы.

Бірақ Асылбек Омаров сотта жауап беруден бас тартты. Судья Бахыт Ермаханов ер адамның осыған дейін сот тыңдалымында берген жауабын оқып берді.

"Мен Саяттан (ұлынан - автор сөзі) Ақеркенің Ақсайда шетелдікпен кездесіп, ұлымның көзіне шөп салғанын естідім. Адамгершілікке жатпайтын қылық жасады. Қозыкешова психикалық тұрғыдан ауру адамдардың есебінде тұрды. Ұлым сол үшін ажырасқысы келді. Мен оны өлтіргім келген жоқ. Бірақ мен Ақеркемен сөйлесейін деген кезде ол маған балағат сөздер айта бастады", - деп оқыды судья Асылбек Омаровтың жауаптарын.

Процессуалдық прокурор Ержан Иманғалиев Ақерке Қозыкешованың қалай өлтірілгенін айтып берді.

"Қозыкешова құлап кеткенде, ол оны бөлмеге кіргізіп, ұрып-соға бастады. Сосын шолақ шалбарының бауын алып, келіншекті қылғындырып, асүйден пышақты алып, жарақаттады", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетейік, қазіргі уақытта келіншектің артында қалған баласы әкесі мен әжесінің қолында тәрбиеленіп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети