Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Оралда пара алған ішкі істер қызметкерлері ұсталды

17 Маусым 2014, 14:13
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерін пара алғаны үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 16 мамырында Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне бір азамат Орал қаласы ішкі істер басқармасының жол-патруль полициясы батальоны қызметкерлеріне қатысты шағым түсірді, полицейлер бұл азаматтан 50 мың теңге қаржы бопсалаған. 17 мамыр күні батальон полицейі Қошайдың осы бөлімше қызметкері Көшкінбаевпен алдын ала сөз байласып, әкімшілік хаттама толтырудан құтқару үшін азаматтан 50 000 теңге алғаны анықталды", - делінген хабарламада.

23 мамыр күні Көшкінбаев пен Қошайға қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар сол күні Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс тергеліп жатыр, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай