1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Оралда полиция атысқа қатысқан 20 адамды ұстады 21 қазан 2020, 14:20

Оралда полиция қызметкерлері атысқа қатысқан 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды "Мой город".
Фото: Тұрар Қазанғапов © Фото: Тұрар Қазанғапов ©

Оралда полиция қызметкерлері атысқа қатысқан 20 адамды ұстады, - деп хабарлайды "Мой город".

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 20 қазанда сағат 22.10-де 102 пультіне Шолохов көшесіндегі VenОil жанармай құю станциясында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырғаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы дереу жіберілді. Жедел іздестіру шарасы барысында Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаға қатысқан бір күдіктіден басқа барлық қатысушыны ұстады. Атысқа қатысқан 20 адам ұсталды. Оның біреуі оқ атқан. Қазіргі таңда оларды уақытша ұстау изоляторына орналастыру және күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды", - дейді ресми өкіл.

Сондай-ақ, Болатбек Белгібеков бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Айта кетейік, Оралда 20 қазанда атыс болған. Салдарынан 24 жастағы ер адам жарақат алған. Қазіргі таңда ол ауруханадағы жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс болған сәт видеорегистраторға түсіп қалған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!