Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Оралда тергеу изоляторының төрт қызметкері азаптау дерегі бойынша күдікке ілінді 04 тамыз 2022, 09:32

Оралда тергеу изоляторының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қалалық сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Оралда тергеу изоляторының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қалалық сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

БҚО прокуратура мәліметінше, Оралдағы ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері сотталғандар мен қамаудағыларға жанжал шығарғаны үшін дене жарақатын салған. Бұл оқиға 2021 жылғы наурызында тіркелген. 

"Бұл іс-әрекеттер адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылық болғанын нақтылауға негіз болатын мәліметтер жиналды", - деді прокурорлар.

Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы "Азаптау" бойынша айып тағылды. Екі сотталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына келу міндеттемесі таңдалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram