14 қыркүйек 2022 09:15

Оралда "трамадол королі" ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Хабар 24" Фото: "Хабар 24"

Оралда полицейлер ер адамды ұстады. Оның көлігінен 400 құты "Тропикамид" табылған. Видеоны құрамында есірткі бар препарттардың еркін сатылуына қарсы күресіп жүрген қоғам белсендісі Аслан Өтепов жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Рецептсіз айналымға тыйым салынған препаратты "трамадол королі" атанған қала тұрғыны тасымалдаған. Ол тәртіп сақшыларына жүздеген құты препарат жеке пайдалануға арналғанын айтқан.

Ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық істер қозғалғаны атап өтілді, оның ішінде заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу да бар.

"Біріншіден, бұл ойдан шығарылған "трамадол королі" лицензиясы жоқ - бір. Оның саудалауға құқығы жоқ - екі. Егер ол ұсталып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша қылмыстық іс қозғалса, неге сату мақсатынсыз? Сату мақсаты болған. Біз мұны жақсы түсінеміз. Ол қайтадан ұсталды, бірнеше рет. Бірақ ол жүйкеге әсер ететін дәрі-дәрмектерді сатуды жалғастырып жүр. Оған ешкім ештеңе істей алмады", - деді "Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы" ҚБ төрағасы Аслан Өтепов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети