ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2022 | 12:46
Оралдағы кәсіпкердің өлімі: күдіктілер ұсталды
Оралда кәсіпкерді өлтіргенді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда кәсіпкерді өлтіргенді деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ өкілдері іс министр Марат Ахметжановтың бақылауында екенін айтты.
"Арнайы операция нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігіне қайта сараланды, онда 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Іс Ішкі істер министрінің бақылауында", - деді ІІМ өкілдері.
БҚО ПД мәліметінше, кісі өлтіруге тараптар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған.
"Куәгерлердің айтуынша, кісі өлтіруге басты себеп - жалақының төленбеуіне байланысты туған тұрмыстық жанжал", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.
Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілді. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдры жұмылдырылды.
Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алады. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также