18 мамыр 2017 | 14:13

Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған өгей шешесі жындыханада емделгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді делінген басты күдікті Шарипа Ақбердиевадан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді делінген басты күдікті Шарипа Ақбердиевадан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шарипа Ақбердиева соттағыларға психиатрлық ауруханада ем алғанын айтты.

"Иә, мен 1994 жылы психиатрлық ауруханада емделдім, бірақ ол жақтан қашып кеттім. Әлі күнге дейін дәрі-дәрмек ішемін", - деді Шарипа Ақбердиева.

Алайда Ақбердиева өзінің балаларына Өркенді өлтіруге тапсырыс бергенін мойындамады.

"Мен балаларға "Өркенді өлтіріңдер" деп айтқан жоқпын. Қылмыс жасалғанда мен ұйықтап жаттым. Ұйқымнан тұрсам, балалар үйле жоқ. Баламнан Өркеннің қайда екенін сұрадым. Олар оның қашып кеткенін айтты. Расында Өркенді Теміржан мен Қадыржан өлтірді, кейіннен екеуі Шымкентке кетіп қалды. Оларға баланы өлтіруді айтқаным өтірік. Барлығы белгілі болған соң мен оларға хабарласып, Алматыға қайтуларын айттым. Осылайша, олар ұсталды. Ал біздің Өркенді күтіп алғанымыз жайлы айтылған сөздер де рас емес. Күйеуім мен енеме бұл туралы айтпаған себебім мен олармен жақсы қарым-қатынаста емеспін. Өркенмен апасына оның менің үйімде екені жайлы айтпауға келіскенбіз", - деді Ақбердиева.

Шарипа Ақбердиеваның айтуынша, ол ауылға пешті жөндету үшін келген, ал Өркенді балаларға қарай тұру үшін әкелген. Судья одан баласында және оның өгей ағасында Өркенді өлтіру туралы ой болды ма, жоқ па сұрады. Бірақ Ақбердиева бұл сұраққа жауап бере алмады.

"Мен бірде енемнен көмек сұрау үшін келдім, ақша сұрадым. Ол маған айғайлай бастап, түрлі сөздер айтып үстелдің үстіне 1000 теңгені лақтырып жіберді. Содан кейін мен оны өлтіріп тастағым келді. Бұл туралы Темір мен Қадыржанға айттым, олар келісті. Бірақ оны өлтірмедік. Ал Өркенді олар өлтіру үшін аңдыған жоқ. Мен оларға тек Өркенге қарайласып жүруін айтқанмын. Темір мен Қадыржан осыған дейін Өркеннің менің туған емес ұлым екенін білмейтін", - деді Шарипа Ақбердиева.

Сондай-ақ, сотта іс материалдарына Шарипа Ақбердиеваның Гулямовқа және өзінің қызы Айданаға жазылған хаттары тіркелді.

"Гулямовка жазылған хатта Ақбердиева барлық кінәні Темір, яғни, өзінің баласына жаба салуын айтқан. Ал екінші хат Айданаға арналған. Ол қызы Айданаға жазған хатта барлығын Гулямовқа жаба салуын және анасының кінәлі емес екенін айтуын сұрайды. Ол екеуін бір-біріне қарсы етіп қоймақшы болған. Ақбердиева хаттарында өзінің кінәлі емес екенін көрсету үшін оларға не істеу керектігін және не айту керектігін жазған. Ол тергеу изоляторында болғанды осы хаттарды солардың қолдарына берген", - деді Өркеннің әжесінің адвокаты Айман Омарова.

Сондай-ақ, адвокаттар соттан Шарипа Ақбердиеваның ақыл-есі дұрыстығын қайта тексеруді сұрады.

"Адвокат әйелдің ақыл-есінің дұрыстығын қайтадан тексеру үшін сараптама тағайындауды сұрап отыр. Әйелдің мәжбүрлі түрде ем алатыны түсінікті болып тұр. Кеше мынандай бір жағдай болды. Соттың "Жауап бересіз бе?" деген сұрағына Ақбердиева "Иә" деп жауап берді. Онымен қоса, ол 1994 жылдан бергі оқиғалардың барлығы есінде екенін, яғни, 19 қаңтарға дейінгі оқиға есінде екенін айтты. Біздің ойымызша, ол осылайша жазадан құтылып кетпекші", - деді Айман Омарова.

Сотта барлық айыпталушыдан жауап алынды. Айман Омарованың айтуынша, ұсақ-түйектерде айырмашылықтар бар, бірақ жалпы мағынасы логикаға келеді.

"Ешкім бір-біріне қарсы түсінік беріп жатқан жоқ. Қадыржан Гулямов, Темір мен Айдана Ақбердиевтер кінәсін мойындады. Кейбір ұсақ-түйектерде айырмашылық болып жатса да, жалпы айтып отырғандары логикаға келеді. Темір мен Қадыржанның баланы өлтіргені жайлы айтылғанда Шарипаның баланы бөлшектеп тастап, әжетханаға лақтырып жіберуді айтқаны белгілі болды. Осы сәтте Шарипа орнынан тұрып, бұлай айтпағанын түсіндірді.  Шарипа басқа айыпталушылардың жауаптарымен келіспеді. Муталиповтың айтуынша, оның бұл іске қатысы жоқ. Ол тек оларды тасыды. Басқа балалар болса тергеу кезінде олардың баланы ұрлап кетуге бара жатқанын білгенін айтты", - деді Айман Омарова.

Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданова Шарипа Ақбердиеваның жауаптарына қарсы шықты.

"Ол өте жақсы актер. Қазір барлығын балаларына жауып тастамақшы, ал адвокат болса қорғалушысының мәжбүрлі түрде алуға жіберілгенін қалап отыр. Алайда мұндай сараптамалар осыған дейін жүргізілді. Ол ақыл-есі дұрыс деп танылды және қылмыс жасалған кезде не болып жатқанын білген. Онымен қоса олар бұл қылмысты алдын ала жоспарлаған. Оны мәжбүрлі түрде ем алуға жіберсе, біз соттың шешіміне шағымданамыз. Біз оның өмір бойына бас бостандығынан айырылуы үшін барын жасаймыз. Мұндай адамдарды бостандыққа жіберуге болмайды, олар басқа адамдарды өлтіруі мүмкін", - деді Өркеннің анасы Айжан Қыдырмолданова.

Осыған дейін 11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиеваның баланы өлтірді деген айыптармен келіспей отырғаны хабарланған болатын. Судья сотталушылардан бұл айыптаулар түсінікті ме деп сұрағанда Шарипа Ақбердиева: "Түсінікті, бірақ келіспеймін. Барлық сұраққа жауап беруге дайынмын" - деп жауап берген еді.

Еске салайық, бала 19 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы оның әжесі хабарлаған. 22 қаңтарда түнде Өркен Азаматұлының мәйіті Алматы маңындағы саяжайдың жертөлесінен табылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети