06 тамыз 2019 11:53

Өскеменде жиһаз дайындаушы клиенттерді 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жиһаз дайындаушы клиенттерді 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскеменде жиһаз дайындаушы клиенттерді 2,5 миллион теңгеге алдап кеткен, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Ол бұл әрекетін тапсырыс көп алып қойып, оларды үлгере алмағанымен түсіндіріп отыр.

Басылымның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілер мен сайттарда өзінің қызметін жарнамалаған. Содан шебер бірден 16 адамнан тапсырыс алған, олардың барлығы алдын ала төлем жасаған. Бірақ кәсіпкер тапсырыстарды жасап та үлгермеген болып шықты.

"Сот отырысы барысында ер адам кінәсін мойындамады. Айтуынша, ол жиһаз дайындаумен 2011 жылдан бері айналысып келе жатыр. Бұл жолы шамасына қарамай, тапсырысты көп алып қойған", - деп хабарлады қалалық № 2 соттың баспасөз қызметіндегілер.

Алайда сот оның бұл жауабын дәлелсіз екенін айтып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (Алаяқтық") бойынша айыпты деп таныды. Нәтижесінде ол бес жарым жылға бас бостандығынан айырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети