21 сәуір 2022 15:15

Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 20 сәуірінде ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Өскемен аудандарының бірінде алкоголь өнімін заңсыз, антисанитариялық жағдайда өндіру дерегін анықтады", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында мамандар 2145 бөтелке "Түркістан" коньягын, 12 945 дана коньяк өнімдерін, 620 бөтелке "ОША" арағын, 4 мың бос бөтелке, 15 мың арақ қалпақшасын, қақпақтарды жапсыруға арналған екі құрылғыны және 500 литрден астам спирт бар пластикалық ыдысты анықтады. 

"Факт Қылмыстық кодекстің 233-бабы "Акцизделетiн тауарларды сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, сәйкестендіру құралдарын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану" бойынша тіркелді. Сондай-ақ ӘҚБтК-нің 463-бабы "кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді жүзеге асыру" бойынша әкімшілік іс жүргізуді бастады.

Алкоголь өнімдері мен спирттің заңсыз айналымы ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді", - деп түсіндірді ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети