19 ақпан 2021 18:40

Өскеменде "шенеуніктер" төбелесті: Желіде видео талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде қаладағы мейрамханалардың бірінде "Өскемен шенеуніктері" төбелесті деген видео пайда болды. Шығыс Қазақстан облысының полиция өкілдері жағдайға түсініктеме беріп, төбелеске қатысушылардың бірі ауыр жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде қаладағы мейрамханалардың бірінде "Өскемен шенеуніктері" төбелесті деген видео пайда болды. Шығыс Қазақстан облысының полиция өкілдері жағдайға түсініктеме беріп, төбелеске қатысушылардың бірі ауыр жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісінде жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Правда становится явным! (@nefakenews)

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 2020 жылғы 26 желтоқсанда болғанын хабарлады.

"Өскемен қаласы полиция басқармасында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы барлар анықталып, қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Сонымен қатар, полиция өкілі қала әкімінің бұл оқиғаға қатысы жоғын айтты.

"Өскемен қаласы әкімінің бұл оқиғаға қатысы жоқ. Тергеу барысында қылмыс жасалған күні оның ол мекемеде болмағаны анықталды. Бұл куәгерлер айғақтары және бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар арқылы расталады", - деп толықтырды полиция өкілі.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети