24 ақпан 2021 09:09

Өскеменде такси жүргізушісі жол ақысын төлемеген жолаушының сөмкесін тартып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақпан айының басында "102-ге" Өскемендегі Ертіс полиция бөлімшесіне 43 жастағы тұрғын хабарласып, таксист оның сөмкесін тартып алғанын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақпан айының басында "102-ге" Өскемендегі Ертіс полиция бөлімшесіне 43 жастағы тұрғын хабарласып, таксист оның сөмкесін тартып алғанын айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Артынша жолаушы жол ақысын төлей алмаған болып шыққан. Жүргізуші әйел адамды жолда қалдырып, әмиян, төлқұжат, 500 теңге, банк картасы мен ұялы телефон салынған сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын 45 мың теңге болған. 

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Заттай айғақтар ішінара тәркіленді", - деді полиция өкілдері.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети