05 мамыр 2016 15:29

Өскемендік хоккейшінің әйелін өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мария Фадеева. © Facebook.com Мария Фадеева. © Facebook.com

Белгілі хоккейші, өскемендік "Торпедо" клубының ойыншысы Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны өлтіргендерге жаза кесілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі сот залынан хабарлап отыр.


Белгілі хоккейші, өскемендік "Торпедо" клубының ойыншысы Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны өлтіргендерге жаза кесілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі сот залынан хабарлап отыр.

Істің басты фигуранты Бейбіт Сіләмов өмір бойына бас бостандығынан айырылса, оның серіктесі Самат Рафхатов 16 жылға сотталды. Сот екеуінен де 15 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы шешім қабылдады.

"Мен әдейі прокурор сұрағаннан да ауыр жаза кестім. Себебі, сіздер үшін адам өмірінің маңызы жоқ екенін көрдім", - деді судья Раушан Игишева сотталушы Бейбіт Сіләмовке қарап.


© Тengrinews.kz

Еске сала кетейік, Мария Фадееваның денесі 14 қазанда Өскемендегі пәтерінен табылды. Оның денесін жаттығудан қайтқан күйеуі тауып алды. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети