01 маусым 2022 11:59

Өзін Антикор қызметкері деп таныстырған жігіттің тағы бір әрекеті әшкере болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны, Қазнетте "Ксивалы Нұрбол" атымен танымал Нұрбол Кәрімовтің тағы бір әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны, Қазнетте "Ксивалы Нұрбол" атымен танымал Нұрбол Кәрімовтің тағы бір әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы ол Instagram-да тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің ұсталғанын, ол операцияны өзі ұйымдастырғанын айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??© ZTB QAZAQSTAN 2022 (@ztb_video)

Алайда, Алматы полициясы видеода болған оқиға шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, Кәрімовтің бұл оқиғаға еш қатысы жоқ, арнайы операция 18 сәуірде өткен.

"Сағат 22.30-да кезекші бөлімшеге белгісіз ер адам телефон соғып, Audi көлігі Назарбаев даңғылында жол ережесін өрескел бұзғанын айтты. Полиция жақын маңдағы экипаждарды аталған көлікті ұстауға және келіп түскен ақпаратты тексеруге бағыттады.

Ал қоңырау шалған адам жол ережесін бұзған адамның артынан қуған. Осы сәтті тікелей эфирге шығып түсірген және бұл операцияны осы ұйымдастырғанын айтқан. Бірақ оның ішкі істер органдарына ешқандай қатысы жоқ", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осыдан 10 күн бұрын Антикор "Ксивалы Нұрболды" ұстап, Ақтау қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамады. Бұған Кәрімовтің өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерімін деп таныстырып, атына жер телімін тіркеуді талап етуі себеп болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети