09 шілде 2021 12:13

Пандемиямен күреске бөлінген ақша: 104 заңбұзушылық анықталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде 104 заңбұзушылық анықтады. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде 104 заңбұзушылық анықтады. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пандемиямен күрес бағдарламасы аясында шығындарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл салада сыбайлас жемқорлыққа байланысты 104 құқықбұзушылық анықталды. Медициналық жабдықты сатып алу кезінде ақша жымқыру және жағдайды теріс пайдалану деректері жалғасып жатыр.

Мысалы, Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары үлестес компаниялар арқылы медициналық техниканы жоғары бағамен сатып алғаны үшін сотталды. Шығын 1,5 миллиард теңге", - деді Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысында осындай заңбұзушылық үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева сотталған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлеріне үстемеақыны мақсатты бөлу мәселесі ерекше бақылауға алынды. Оларды тәуекел тобына жатқызылмаған тұлғаларға бөлу, жұмыс істеген сағаттарды тіркеу және қарапайым дәрігерлерді басшы лауазымына таңдау дерегі анықталып жатыр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети