Пауэрлифтингтен әлем чемпионының өліміне қатысты жаңа деректер шықты

18 Наурыз 2017, 13:14
0
Пауэрлифтингтен әлем чемпионының өліміне қатысты жаңа деректер шықты - Евгений Галузинский
Евгений Галузинский

Пауэрлифтингтен әлем чемпионы Евгений Галузинский күдіктілермен болған төбелестің салдарынан қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға төбелес болған дүкеннің маңында орнатылған видеобақылау камерасына түсіп қалған.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, күдіктілер дәмханадан мас күйінде шыққан. Ал қаза тапқан жігіт пен оның досы Олег Бойко сыртта көлік күтіп тұрған. "Олар күдіктілермен таныс болмаған. Жігіттер кетіп бара жатқанда күдіктілердің бірі екіншісін иығынан итеріп, содан олардың арасында төбелес шыққан. Құқық қорғау органдарындағылар екі тараптың мас күйде болғанын хабарлады. "Пышақ салған ер адам қамауға алынды. Барлық бес күдікті 18-20 жас аралығында", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері. Полицейлердің мәліметінше, спортшы пышақ жарақатынан көз жұмған.

Күдіктілердің бірі екі айға қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қалған төрт күдікті бойынша да қылмыстық іс (ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық") қозғалды.

Сонымен қатар, ведомстводағылар Евгений Галузинскийдің осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтып өтті.

"Галузинский Ақмола облысында орналасқан балалар ауруханасынан оттек баллондарын ұрлағаны үшін 2016 жылдың 29 тамызында ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі бойынша ("Ұрлық") қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шығынның көлемі - 200 мың теңге. Осыдан кейін 2017 жылдың 17 ақпанында Галузинский жекеменшік ЖШС-тан мүлік ұрлағаны үшін ұсталған болатын. Шығын көлемі - 400 мың теңге. Қазіргі уақытта спортшының өліміне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді полицейлер.

Осыған Евгений Галузинскийдің жақындары мен туыстары өлтірілген спортшы жайлы айтып берген еді. "Жанжалдаспайтын, әрдайым мәселені байыппен шешуге тырысатын. Сол түні досымен бірге тұрған оған 18-20 жастардағы студенттер шабуылдаған. Келесі күні мен ІІБ-ге барып, сол досын көрдім. Бірде-бір жеріне зақым келмеген - соған қарағанда Женяға жабылып жатқанда жасырынып қалған болуы керек. Менің баламды пышақтағаннан кейін де ұрып-соққаны көрініп тұрды", - деген еді анасы.

Еске сала кетейік, Көкшетау полициясының пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студентті ұстағаны хабарланған еді. Полицейлердің мәліметі бойынша, наурыздың 14-не қараған түні Көкшетау қаласындағы төбелес cалдарынан Евгений Галузинский мерт болған. 

Евгений Галузинский - пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бразилияда өткен әлем чемпионатында спортшы төрт рекорд орнатқан болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай