16 наурыз 2017 16:10

Көкшетауда пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бес студент ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Галузинский сурет әлеуметтік желіден Евгений Галузинский сурет әлеуметтік желіден

Көкшетау полициясы пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студентті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Көкшетау полициясы пауэрлифтингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен бір топ студентті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлердің мәліметі бойынша, наурыздың 14-не қараған түні Көкшетау қаласындағы төбелес cалдарынан Евгений Галузинский мерт болған. 

"Бұл дерек бойынша 18-20 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олар қаладағы колледждердің бірінің студенттері. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басты күдіктінің жасы 18-де. Ол қамауда отыр. Төртеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Бақылау камераларынан алынған видео мен куәгерлер бар", - дейді ІІД өкілдері.

Күдікті кінәсін мойындағанын хабарланып отыр. Евгений Галузинский - пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бразилияда өткен әлем чемпионатында спортшы төрт рекорд орнатқан болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети