15 желтоқсан 2014 | 19:23

Павлодар облысында 70 түп ағаш кескен тұрғын үш жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында 70-ке жуық ағашты кесіп, орманға 1,7 миллион теңге залал келтірген адам үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында 70-ке жуық ағашты кесіп, орманға 1,7 миллион теңге залал келтірген адам үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шарбақты аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын осыдан бірнеше ай бұрын "Ертіс орманы" мекемесі Шалдай филиалына қарасты Степное орман шаруашылығы аумағынан шабылған 69  бөренені, яғни 37,57 текше метр көлемдегі ағашты ұрлап кеткен. Сөйтіп, "Ертіс орманы" мемлекеттік мекемесіне 1 633 389 теңге материалдық шығын келтірілген.

Сот оны ҚР 175-бабының 3-бөлігі "б" тармағы бойынша айыпты деп танып, "КамАЗ" маркалы автокөлігін, "МТЗ - 80" тракторы мен 69 ағаш бөренені тәркіледі, өзіне 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес, тағайындалған жаза 3 жылға дейін сынақ мерзімімен шартты деп саналды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанның орманшылары шырша кесуге салынған мораторийді алып тастауды сұраған болатын. "Шектеу қойылғалы бері орманда құлаған, ауырған қылқанжапырақтылар көбейіп кетті", - деген олар бұл бастаманы құқық қорғау органдарының өкілдері қолдамағанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети