11 желтоқсан 2014 11:22

Орманшылар шырша кесуге рұқсат беруді сұрап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Шығыс Қазақстан орманшылары шырша кесуге салынған мораторийді алып тастауды сұрайды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".


Шығыс Қазақстан орманшылары шырша кесуге салынған мораторийді алып тастауды сұрайды, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

"Шектеу қойылғалы бері орманда құлаған, ауырған қылқанжапырақтылар көбейіп кетті",  - дейді олар. Ал мұны өздері тазалап үлгере алмай жатқанға ұқсайды. Оның үстіне халықтың сұранысын бәрібір ресейліктер өтеп жатыр. Сондықтан орманшылар табыстан қағылғанша, шырша кесуге рұқсат беру керек деп отыр.

Орманшылардың айтуынша, бүгінде жаңа жылға қарсы шырша кесушілер мүлде жоқ. Ал салынған мораторийге сәйкес, оны заңсыз отағандар мемлекетке 30 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді. Сондықтан заңды түрде шабылғандары көршілес Ресей елінен көптеп тасымалданып жатыр. Ал жаңа жыл сайын қылқанжапырақтыға деген сұраныстың артатыны сөзсіз. Осыған орай, орманшылар ерекше бастама көтерді. "Аталмыш мораторийді алып тастау керек", - дейді олар. Өйткені мамандар жыл сайын ауырған шыршаларды онсыз да кесуге мәжбүр, егер тыйым салынбағанда оны сатуға әбден болар еді деп отыр.

"Ауырған және құлап қалған шыршалардың барлығын кесіп жаңа жыл мерекесінде іске жаратуға болады. Ағаштың сабақтарынан да мереке көркін келтіретін шырша жасайды. Бұл үрдіс керісінше орманның өсуіне оң септігін тигізеді", -дейді таулы Үлбі орман шаруашылығының орманшысы Андрей Лапшин.

Сондықтан орманшылар "жұрт жасанды шыршадан жаппай бас тартсын", -деп отыр. Себебі оның зиянды жақтары көп.  "Жасанды шыршалар көмірсутегін 54-56 есе көп шығарады. Зауыттар оны жасауда көптеген зиянды заттарды жағады. Сонымен бірге пайдаланып болғаннан кейін оны қоршаған ортаға әсер келтірмейтіндей қып жою қажет", -дейді ШҚО Табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Виталий Чернецкий.

Алайда орманшылардың айтуынша, мораторийді алып тастау керек деген бастамаларын құқыққорғау органдарының өкілдері қолдамай отыр. Өйткені бұрын заңсыз ағаш кесушілердің арасында өз әріптестері де болып, ұсталып қалыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети