15 ақпан 2017 | 22:46

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын соққыға жыққан ІІД қызметкерлері 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын соққыға жыққан ІІМ қызметкерлері 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысында ауыл тұрғындарын соққыға жыққан ІІМ қызметкерлері 5 жылға дейін сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Облыстық ІІД-нің арнайы бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша, қызметтік бабын асыра сілтеп Ертіс ауданы Қызылқақ ауылының тұрғындарына дене жарақтын салған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. 2016 жылы 14 қыркүйекте сағат 12:00-де Қызылқақ ауылына облыстан ІІД-нің арнайы бөлімшелер жасағаның 15 қызметкері осы ауылда заңсыз түрде бағалы шаянды аулаумен айналысатындарды ұстауға келген. Жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің арасында жанжал шығып, артынша қызметкерлер күш қолданған", - деді Павлодар облысының прокуратурасындағылар. 

Тергеуді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жүргізіп жатыр. "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерініңм ауыл тұрғындарын соққыға жығу дерегі бойынша қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді облыстық прокуратураның басқарма басшысы Бейсенбек Әлиев. 

Айыпталушыларға қатысты тағылған бап бойынша, оларға бес мың АЕК немесе бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. 

Айта кетейік, Павлодар облысында болған жаппай төбелестен 15 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен болатын. Мектептен қайтып бара жатқан оқушы мектеп маңында бетперде киіп алған адамдардың оның әкесі мен басқа да ер адамдарды ұрып жатқанын көрген. Ол әкесіне көмектеспек болғанымен бұзақылар оны да соққыға жыққан. Салдарынан баланың миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети