Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Полиция Павлодар облысында болған жаппай төбелесті зерттеп жатыр

16 Қыркүйек 2016, 13:52
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Полиция Павлодар облысында ауыл тұрғындарымен болған төбелесті зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Павлодар облысында болған жаппай төбелестен 15 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен болатын. Мектептен қайтып бара жатқан оқушы мектеп маңында бетперде киіп алған адамдардың оның әкесі мен басқа да ер адамдарды ұрып жатқанын көрген. Ол әкесіне көмектеспек болғанымен бұзақылар оны да соққыға жыққан. Салдарынан баланың миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді.

Қоскөл ауылдық округі әкімдігіндегілердің айтуынша, облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар Қызылқақ ауылында болған төтенше жағдаймен айналысып жатыр. "Мен оқиға болған кезде аудан орталығында болдым. Бірақ куәгерлердің айтуынша, 14 қыркүйекте түстен кейінгі уақытта ауылға арнайы бөлімшенің полицейлері келіп кеткен. Содан ауыл тұрғындарын соққыға жыққан. Олардың арасында болған төбелес видеоға түсіріліп, осыған қатысты дерек те тіркелген", - деді Қоскөл ауылдық округінің әкімі Талғат Беспаев.

Әкімнің айтуынша, аурухананың көмегіне бес адам мен төбелесте зардап шеккен 15 жастағы оқушының ата-анасы жүгінген.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын әзірше айтқан жоқ. Расталмаған мәліметтерге сүйенсек, арнайы бөлімше қызметкерлерінің ауыл тұрғындарын ұрып-соғу себебі олар жергілікті Қызылқақ өзеніндегі шаяндарды алмақ болған. "Бірақ бұл тал түсте ауыл тұрғындарын ұруға себеп емес. Осы оқиғадан бұрын, яғни екі күн бұрын бізге Ертіс аудандық ІІБ өкілдерінен тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама келді. Болған жаппай төбелестен кейін, 15 қыркүйекте біз тұрғындармен жиналып, әрқайсысымен сөйлестік. Ауыл тұрғындары оларды неліктен соққыға жыққандарын да білмейді. Барлығы қорқып отыр", - деді Талғат Беспаев.

Сондай-ақ, жаппай төбелестен зардап шеккен 41 жастағы ер адамның ауруханаға жеткізілгені айтылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай